
2026 жылғы 15 наурызда өтетін жаңа Конституция аясындағы референдум науқанына байланысты және мүгедектердің өз құқықтарын толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында Аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және объектілерді бейімдеу мәселелері бойынша 2026 жылдың 26 ақпан күні түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар шеңберінде аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қолданыстағы заңнама талаптарын, қолжетімді орта қалыптастыру қағидаттарын, сондай-ақ ақылға қонымды бейімдеу шараларын түсіндіру, сайлау учаскелеріне бірлескен зерделеу жүргізу арқылы негізгі кедергілерді айқындау және оларды референдум күніне дейін жоюға бағытталған жедел, жеңіл әрі жылдам іске асырылатын шешімдерді қабылдау қажет.
Бұл ретте уақытша пандустарды орнату (басқа мүмкіндік болмаған жағдайдан), тактильді бағыттаушы белгілерді орналастыру, қолжетімді кіреберіс жолдарды ұйымдастыру, және өзге де жедел шараларды іске асыруға басымдық берілуі тиіс.
Қабылданатын шаралар нақты практикалық нәтиже беруге, сайлау учаскелеріне мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз және қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталуы қажеттігі түсіндірілді.