Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы

Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» 2026 жылдың 18 ақпанында коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» Заңы түсіндірілді.

Ақпараттық түсінік жұмыстары барысында әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту, құқық бұзушылық профилактикасы, құқықтық тәрбие мәселелері баяндалды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қоғамдық орындарда тәртіпті қатаң сақтау қажеттігі жеткізілді.