«AMANAT» партиясының жол картасы

«AMANAT» партиясының жол картасы

Жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау саласындағы жұмыстың ашықтығын арттыру мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы және басқармаға қарасты мекемелері басшыларының қатысуымен 2026 жылдың 13 ақпан күні «Мүгедектігі бар адамдар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді ортаны қалыптыстыру» бойынша дөңгелек үстел өтті.

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында орналасқан Қолжетімділіктің интерактивті картасының жергілікті атқарушы органдары тарапынан толтырылуын және 2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық нысандарды бейімдеу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысына талдау жасалды. Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан дене шынықтыру және спорт мекемелеріне тиесілі ғимараттарды Әлеуметтік Кодекс талаптарына сәйкестендіріп, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың еркін кіріп-шығуына жағдай қалыптастыру қажеттілігі талқыланды.