
Жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау саласындағы жұмыстың ашықтығын арттыру мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшы орынбасары Т.Дауытовтың төрағалығымен Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық мекемелермен 2026 жылдың 16 қаңтар күні «Мүгедектігі бар адамдар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді ортаны қалыптыстыру» бойынша дөңгелек үстел өтті. «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында орналасқан Қолжетімділіктің интерактивті картасының жергілікті атқарушы органдары тарапынан толтырылуын және 2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық нысандарды бейімдеу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысына талдау нәтижелері баяндалды. Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан медициналық мекеме ғимараттарының меншік иелеріне ғимаратты Заң талаптарына сәйкестендіріп, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың еркін кіріп-шығуына жағдай қалыптастыру қажеттігі жеткізілді.