Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын

Құрметті қазақ елі! Баршанызды бүгінгі келіп жеткен мейрам 4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл қазақ елінің сан-ғасырлық тарихи құндылығы мен тәуелсіздігінің символына айналып отырған аталмыш мерекеге 33 жыл толып отыр.

Қазақстан Республикасының рәміздері қазақ елінің кешегі күнгі тарихы мен ертенгі күнге сенімі мен арман-тілегін бейнелейтін символикасы болып табылады.Осы орайда, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс және мол бақыт тілеймін! Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Көк Туымыз көгімізде желбіреп, Елтаңбамыз тек қана биіктерден көрініп, Әнұранымыз мәңгілік қазақ халқының рухын көтеріп шырқала берсін! Бірлігіміз жарасып, ынтымағы жарасқан ел болайық!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ізгі ниетпен, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы
Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы