ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Алшынбаева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде семинар-кеңес өткізді.
Семинар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшы м.у.а Е.Ергеш, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары С.Алиманов, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы С.Жанұзақов, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен өткізілді.