Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік сақтау саласындағы бақылау бөлімімен 2023 жылғы 6 қараша күні Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар аудандық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Розовка және Кемеңгер ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларында профилактикалық бақылау жүргізілді.
Тексеру барысында инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік бөлігінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, мүгедектердің кіру топтарына, объектідегі ақпарат және телекоммуникация құралдарына және қозғалыс жолында қолжетімділік қамтамасыз етілмеген, көлік құралдарына арналған автотұрақ орны жок болуы. Анықталған бұзушылықтар бойынша субъект басшысының мекен-жайына, анықталған бұзушылықтарды жою нақты мерзімдері көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.