Жоспардан тыс тексерулерді жүргізу нәтижелері туралы

Жоспардан тыс тексерулерді жүргізу нәтижелері туралы

2023 жылғы 13 қараша 17 қараша аралығындағы кезеңде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас мамандары- мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларымен «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ және «Павлодар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.   

Тексеру барысында инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік бөлігінде мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының құқықтарын бұзуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, мүгедектердің кіру топтарына қолжетімділік қамтамасыз етілмеген.  Анықталған бұзушылықтар бойынша заңды тұлғалар ҚР ӘҚБК 83-бабы 1-т. 1-тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.