«Интерактивті қолжетімділік картасы» ақпараттық жүйесін толтыру мәселелері бойынша семинар

«Интерактивті қолжетімділік картасы» ақпараттық жүйесін толтыру мәселелері бойынша семинар

2023 жылғы 17 қарашада Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен «Интерактивті қолжетімділік картасы» ақпараттық жүйесін толтыру мәселелері бойынша семинар өткізді. «АМАНАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін  инфрақұрылымды жақсарту жоспарына сәйкес Павлодар облысында 2023 жылы бейімдеуге жататын объектілер саны 276.

Картаны сапалы толтыру және шынайы фотосуреттерді қосу бойынша ұсыныстар берілді.