16.11.2023 ж. Павлодар облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменті басшысының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасары Л. Е. Сартымбетова облыстың денсаулық сақтау органдарының қатысуымен мүгедек адамдармен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесуге қатысты. Мүгедектікті белгілеу тәртібі, сырттай-проактивті куәландыру форматы, МӘС-ке негізсіз жолдау және медициналық-әлеуметтік сараптама шешімдеріне шағымдану тәртібі түсіндірілді. Қызығушылық танытқан сұрақтарға жауаптар берілді.