2023 жылғы 20 қазанда мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қолдау айлық шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ барды. Аталған орталыққа ТҚА бұзылған және БЦСА диагнозымен балалар барады. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Аягоз Жұмабекқызы әріптестерімен бірге қонақтарға орталықты көрсетті. Орталықта ЕДШ, дефектологтың кабинеттері, тұз шахтасы, физио-терапевтикалық кабинеттері, бассейн, сенсорлық бөлме жұмыс жасайды. Осы орталыққа баратын баланың анасы оңалту орталығы мен оның қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Мұндай орталықтар ТҚА бұзылған және БЦСА диагнозымен балалары бар отбасыларға түзету-дамыту сабақтар, ойын терапиясы, емдік дене шынықтыру түрінде кешенді көмек көрсету үшін қажет.