Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті туралы

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті туралы

2022 жылғы 26 қыркүйекте Павлодар облысы Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің департаментінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Қызметтік әдеп, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормаларын сақтаудың негізгі нормалары туралы Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Л. Е. Сартымбетова сөз сөйледі.

 Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс екендігіне назар аударылды. Киімнің іскерлік стиліне қойылатын негізгі талаптар талқыланды.