Әлеуметтік кодексі туралы

Әлеуметтік кодексі туралы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында 2022 жылы 23 қыркүйекте Железин ауданының активімен кездесу өткізілді. Спикерлер ретінде Павлодар облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Департаментінің, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері қатысты.

 Кездесу барысында әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңалықтар, әлеуметтік Кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетін азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың негізгі мәселелері қаралды.