Константиновский орталығында қабылдау

Константиновский орталығында қабылдау

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде Департамент басшылығы Константиновка психоневрологиялық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерін жеке қабылдады. Мүмкін төлемдер бойынша жүгінгендерге түсініктемелер берілді, орталық басшылығымен орын алған проблемалық мәселелер, оның ішінде объектінің қысқы кезеңге дайындығы талқыланды.

Медициналық-әлеуметтік мекеме ұжымымен кездесу өтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында қойылған негізгі міндеттер талқыланды. Отбасының цифрлық картасын енгізу, балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту, зейнетақы жүйесін дамыту және әйелдердің зейнет жасын арттыруды тоқтата тұру жиналғандардың қызығушылығын тудырды, сұрақтар мен талқылаулар болды.