7 жастан бастап 18 жасына дейін балаларға мүгедектік топтарын белгілеу жөніндегі мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесу

7 жастан бастап 18 жасына дейін балаларға мүгедектік топтарын белгілеу жөніндегі мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесу

2021 жылы 3 қарашада «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне  жеті жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу жөніндегі норманы регламенттейтін азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 қазандағы ҚР Заңының 2021 жылғы 24 қазанда күшіне енуіне байланысты, департамент басшысы Е. В. Губарев және МӘС мәселелері бойынша басшының орынбасары Л. Е. Сартымбетова және денсаулық сақтау органдарының өкілі Г. К. Жармакина, «Nur Otan» партиясының өкілдері, мәслихат депутаттары, әлеуметтік қызмет өкілдері мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесу өткізді. Заңнама нормалары мен мүгедектікті белгілеу тәртібі, сондай-ақ мерзімінен бұрын қайта куәландыру мүмкіндіктері түсіндірілді. Жеке түрде консультациялар өткізілді.