Брифинг «Павлодар облысындағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін кедергісіз орта құру»

Брифинг «Павлодар облысындағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін кедергісіз орта құру»

2021 жылғы 11 қазанда Өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн форматта «Павлодар облысындағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін кедергісіз орта құру» атты брифинг өткізді.

Шараның спикерлері болып Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Евгений Владимирович Губарев және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Дисюпова Альмира Амановна қатысты.
Мүгедек адамдарға кедергісіз қол жеткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін 1294 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу бойынша жұмыс жүргізу қажет, оның ішінде ағымдағы жылы 258 нысанды бейімдеу жоспарланған.
Бейімдеу іс-шараларын жүргізуді бақылау мақсатында қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен "Nur Otan" партиясының өкілдері әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігіне мониторинг жүргізетін мониторинг топтарын құрды. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 258 объектіге немесе жоспардың 100% - ына мониторинг жүргізілді.
Департамент басшысы Е.Губарев халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің 9 айда атқарған жұмыстары туралы және әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ақпаратты жариялады.