Павлодар облысында еңбек нарығын талдау мен қалыптастырудың бірыңғай жүйесі енгізілуде

Павлодар облысында еңбек нарығын талдау мен қалыптастырудың бірыңғай жүйесі енгізілуде

Жасөспірімдер арасында кәсіби диагностикамен айналысу, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттерін жаңа құзыреттерге үйрету және өңірлік еңбек нарығын басқару цифрлық платформа арқылы жүзеге асырылады. Бұл жоба мемлекеттік қаржыландыруды өңірге қажетті мамандықтарға бағыттауға және жергілікті кәсіпорындарды жетіспейтін кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысы әкімдігінің еңбек нарығын қалыптастыру және талдаудың бірыңғай жүйесін енгізудегі серіктесі - «BTS Education» компаниясы. Компания өкілдері аймақ үшін арнайы жаңа мамандықтар атласын әзірлеуді аяқтап қалды. Осы жылдың соңына дейін облыста алдағы жылдары сұранысқа ие болатын 14 жаңа мамандық бойынша колледждерге арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда. Осы уақыт ішінде оқушылардың арасында олардың білімдері мен мақсаттарын анықтау, мамандық таңдаудағы ойларын білу үшін кәсіптік бейімдеу жүргізу жоспарланып отыр. Тестілік режимде 20 мыңға жуық орта буын оқушылары EduNavidgator сервисі арқылы тестілеуден өтті. Алайда сапалы нәтиже алу үшін әлі де тереңірек талдау қажет. Бұл үшін компания әрбір оқу орнының ұжымдары ішінде кәсіби бағдарлаушыларды дайындауға уәде берді.

- Басқаша айтқанда, жаңа кәсіптер атласы бізге еңбек нарығының сұраныстарын түсінуге және оларды егжей - тегжейлі көрсетуге мүмкіндік береді, ал EduNavidgator кәсіби диагностикалық платформаға айналады,-деп мәлімдеді «BTS Education» басшысы Саясат Нұрбек облыс әкімдігінде өткен онлайн-кеңес барысында. - Сондай-ақ, бізде JumysBar деп аталатын жоба -колледж немесе жоғары оқу орындарының түлектеріне жетіспейтін немесе жаңа дағдыларды беру үшін сұранысқа ие мамандықтардың онлайн-мектебі бар. Нәтижесінде, Павлодар облысының кез келген тұрғыны еңбек нарығының аналитикасына қолжетімділік алуы үшін, оның дәл қазір не күтетінін және өзінің біліктілігін арттырған кезде оның қандай мүмкіндіктері болатынын түсінуі үшін жұмыс істейтін боламыз.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов енгізіліп жатқан жүйені облыс әкімдігі жанында жұмыс істейтін жағдаяттық орталық базасына енгізуді тапсырды. Бұл жағдайда аймақ билігі еңбек нарығын басқарып, ал жергілікті тұрғындар уақыт өте келе оның қазіргі жағдайы туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. Сондай-ақ, әкім жаңашылдықты дамыту үшін келесі шараларды іске асыруды ұсынды.

- Қазір біз мектептерде, колледждерде және ЖОО-ларда оқитын балалардың көңіл-күйі мен қозғалысын бақылай аламыз, бірақ олар еркін еңбек нарығына шыққан бойда олар біздің көз алдымыздан жоғалып кетеді, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. - Павлодар облысының проблемасы - жоғары білім беру сапасы бола тұра өңірде мамандардың өзге аймақтарға кетуі байқалады. Сондықтан болашақта біз жұмыс берушілер арасында да мониторинг жүргізуге тиіспіз. Біз адамның неге облыс аумағынан кететінін түсініп, осыған кері әсер етуге тырысуымыз керек.

Қазіріг таңда өңірде жаңа жобаны жүзеге асыру үшін жол картасы әзірленіп жатыр. Жобаның бастамашылары жұмыстың негізгі бөлігін келесі жылдың соңына дейін аяқтауға, ал 2023 жылы енгізілетін жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрсетуге уәде береді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев