ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукенов Павлодар облысына іс-сапармен келді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукенов Павлодар облысына іс-сапармен келді

2021 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді.

Ол "Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" КММ-де болды, онда оған аз қамтылған отбасыларды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын Көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндалды.

Сондай-ақ, вице-министр "Балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу Павлодар қалалық орталығы" КММ қызметімен танысты, онда өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар әйелдерге, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Жұмыс сапары барысында Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алмира Дисюпова аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету, медициналық дәрі қобдишаларын бөлу, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы бойынша есеп берді.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысында атаулы әлеуметтік көмекпен жалпы сомасы 1107,1 млн теңгеге 4975 отбасы (оның ішінде 19636 адам) қамтылды.

Мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету облыс бойынша 61,6% құрайды (жоспар бойынша 22692 әлеуметтік іс-шаралар 13967 орындалды).

Өз кезегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов АӘК тағайындау заңдылығын бақылауды күшейту, еңбекке қабілетті АӘК алушыларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын, "Ten Qogam" ашу, мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау және оңалту шаралары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ Ерлан Әукенов Ақтаудағы "Шипагер" санаторийінде болған оқиғаға қатысты тексеру жүргізу қажеттігін атап өтті.

Қазіргі уақытта "Шипагер" санаторийінің қызметтерін пайдаланған адамдар тексеруден өтуде.

Көрсетілетін қызметті алушылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысының мүдделі мемлекеттік органдары осы санаторийдің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізетін болады.