Облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелерінің мониторингі

Облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелерінің мониторингі

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелеріне жүргізілетін мониторингке қатысады, оның мақсаты қарт адамдардың тұру жағдайларын тексеру болып табылады.

Бұл жұмыс облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп "Nur Otan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық"сайлауалды бағдарламасының Жол картасының 78-тармағын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.

Мониторинг тобының құрамына ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары, "Nur Otan" партиясының депутаттық фракциясының, облыстың денсаулық сақтау басқармасының және басқа да мемлекеттік органдардың мүшелері кірді.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде мониторингтік топпен бір мезгілде прокуратура органдары мен облыстық тексеру комиссиясы жоспарлы тексерулер жүргізеді.