"Мүгедек балалары бар отбасылардың проблемалары туралы" Қоғамдық пікірталасқа қатысу

"Мүгедек балалары бар отбасылардың проблемалары туралы" Қоғамдық пікірталасқа қатысу

14.05.2021 ж. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті "Қазақстанның Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырған "Мүгедек балалары бар отбасылардың мәселелері туралы" тақырыбы бойынша ZOOM режимінде қоғамдық пікірталасқа қатысты.

Мүгедектігі бар балаларға білім алу, мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын, қадамдық қолжетімділікте шағын орталықтарды құру, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек-балаларға инватакси беру мүмкіндігі, мүгедек-балаға күтім жасайтын адамдардың зейнетке шығу жасын қысқарту, дәрілік заттарға арналған шығыстарды өтеу, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну мүмкіндігі мәселелері талқыланды.