Әлеуметтік фронт - офисте қабылдау

Әлеуметтік фронт - офисте қабылдау

2021 жылы 27 сәуірде мүгедек О.В. Малкиннің инватаксимен қамтамасыз ету және протездеу мәселесін шешу мақсатында оның жұбайының өтініші бойынша әлеуметтік фронт- офисте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті Департаментінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және облыстың денсаулық сақтау басқармасының қатысуымен қабылдау жүзеге асырылды. Қабылдау барысында қойылған барлық мәселелер шешілді, өтініш беруші толық қанағаттандырылды. Осы алаңның ашылуының арқасында мүгедек адамдардың мәселелері сол жерде шешіледі, шешімдер ашық болады және бюрократиялық кедергілер жойылады.