Павлодар облысы бойынша ҰОС Жеңісінің 76 жылдығына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету

Павлодар облысы бойынша ҰОС Жеңісінің 76 жылдығына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету

Павлодар облысының Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне бір миллион теңгеден беріледі.

2021 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 37 ҰОС қатысушысы мен мүгедек адам тұрады.

Сонымен қатар, біржолғы төлемдер келесі санаттағы азаматтарға жасалады:

- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Кеңес Армиясының ерікті жалдама құрамының адамдарына, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтарға, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери, радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және олардың ата-аналарының бірінің радиациялық сәуле алуы салдарынан генетикалық жағынан мүгедек болған балаларына, бейбіт уақытта қаза тапқан, сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына, Чернобыль апатының және әскери және азаматтық мақсаттағы объектілердегі басқа да апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына, ҰОС қатысушысы мен мүгедегінің жұбайына (зайыбына) және т. б. санаттағы адамдарға), тыл еңбеккерлеріне - 30,0 мыңнан 100 мың теңгеге дейін (7,7 мың адам);

- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне (Тәжік-Ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуде міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге) - 75,0 мың теңге мөлшерінде (300 адам).

Барлығы 332,3 млн.теңге сомасына 8,0 мыңнан астам адам біржолғы төлем алады.