Әлеуметтік фронт-офистің ашылуы

Әлеуметтік фронт-офистің ашылуы

2021 жылғы 26 наурызда Павлодарда Астана көшесі, 59 (1 қабат) мекенжайы бойынша бірінші әлеуметтік фронт-офис ашылды)

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, облыстың денсаулық сақтау басқармасымен, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп Халыққа қызмет көрсетудің жаңа сервистік моделі іске асырылды.

Осындай жұмыс форматына көшу мемлекеттік органдардың азаматтармен қарым-қатынас жолдарын жеңілдетуге бағытталған, онда білікті мамандар халыққа ашық және қолжетімді түрде консультациялық және мемлекеттік қызметтер көрсететін болады.

Аталған фронт-офисте 3 мемлекеттік органға: Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасына, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің жүгінулерімен жұмыс жүргізілетін болады. Осылайша, кеңсенің жұмысы кешенді қарауға, барынша ашықтыққа және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары мен ең алдымен мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлылыққа бағытталатын болады.

Сонымен қатар, бұл бастама Мемлекет басшысы жариялаған "еститін мемлекет" тұжырымдамасында да көрініс тапты, ол біздің өңірде де белсенді іске асырылуда.

Бұл фронт-офис азаматтардың өзекті әлеуметтік мәселелерін жедел шешу үшін пәрменді алаңға айналады деп болжануда. Осы жерде, "Адал көмек" жобасы аясында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қолдауымен құзыретті сарапшылар мен заңгерлер азаматтарға халықты әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша тұрақты тегін кеңестер мен түсініктемелер беретін болады.