Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен кеңес

Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен кеңес

2021 жылы 18 ақпанда медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі-МӘС) ұсынылатын медициналық құжаттардың сапасын жақсарту, проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында Еңбек және әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп МӘС мамандарының, бас дәрігерлердің орынбасарлары мен ДКК төрағаларының қатысуымен кеңес өткізді.

МӘС жолдамасының негізділігі, жолдаманы толтыру кезіндегі қателер, диагноздардың алшақтығы, әлеуметтік қорғау шаралары ұсынымдарының негізділігі мәселелері қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және этикалық нормаларды сақтау қағидалары талқыланды.