Еңбек адамының қадірі атқарған қызметімен ғана емес, елге сіңірген еңбегимен, айналасына жасаған ықпалымен, адамға деген қарым-қатынасымен өлшенеді. Ал басшының болмысы ониң лауазымынан гөрі қиын сәтте қабылдаған шешіминен, ұжымына көрсеткен қолдауынан және адамдар алдындағы жауапкершілігінен танылады.
Осындай азаматтардың бірі – еңбек жолын өндірістен бастап, басқару саласында мол тәжірибе жинақтаған Ерсайын Жакенұлы Рахимов. Ониң кәсіби жолы бірнеше онжылдықты қамтып, еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және үздіксіз іздістің жарқын үлгісіне айналды.
Ерсайын Жакенұлы еңбек жолын Осьмерыжск мұнай базының бас инженері қызметінен бастап, «Павлодар мұнай өнімдері» АҚпрезиденті лауазымына дейін көтерілді. Өндірис саласындағы қызмет оған үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, ұжыммен жұмыс истеудің, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудың, нақты әрі дер кезинде шешим қабылдаудың узиндик мектебі болды.
2000 жылдан бастап басшылық қызметтер атқарып, соль жылдар ішінде мол басқару тәжірибесін қалыптастырды. Әр қызмет кезеңі ониң кәсіби біліми мен ұйымдастырушылық қабілетін шыңдап, адамдармен жұмыс істеу мәдениетин одан әрі жетілдіре түсті.
Кейінгі еңбек жолы әлеуметтик қорғау саласымен сабақтасты. Бұл – адам тағдырына тікелей қатысты, аса жауапты бахыт. Мұнда әрбір өтініштің артында нақты адамның мәселесі, әр құжаттың артында отбасының тағдыры, әрбір сұрақтың астарында көмекке деген үміт тұрады. Сондықтан бұл салата кәсіби біліктілікпен қатар, адамды тыңдай білу, түсіну, жанашырлық таниту секілді қасиеттердің маңызы зор.
Ерсайын Жакенұлын әріптестері де ең алдымен осы адамгершилік болмысымен бағалайды. Ол талап қоя біледі, бірақ талаптың негізінде әрдайым құрмет пен түсіністік жатады. Қызметкердің пікірін тыңдап, қиын жағдайда қолдау кэрсетуге, ортақ іске әр адамның қосқан үлесин бағалауға мән береді.
Кез келген маңызды нетижеге бір адамның күшимен жету мүмкін емес. Оның артында кәсіби мамандардан құралған ұйымшыл команда тұрды. Әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстың нетижесі де тек орындалған тапсырмалардың санымен өлшенбейді. Ең басты нәтиже – азаматтың мәселесінің шешімін табуы, қажетті көмекті алуы, өз өтінішінің назардан тыс қалмағанын сезінуі.
Осыны терең түсінетін басшы үшін кәсіби құзыреттілик пен адами қасиет әрдайым қатар жүреді.
Ерсайын Жакенұлының еңбек жолы – өндірістегі инженерлектен басқару ісіне дейінгі кәсіби өсудің ғана емес, жылдар өте қалыптасқан азаматтық ұстаным мен адамға деген құрметтің де көрінісі.
Лауазым өзгереді, қызмет ауысады, уақыт жаңа талаптар қояды. Ал адамның артында қалатын ең бағалы мұра – ониң адамдардың есінде қандай тұлға болып қалғаны. Ерсайын Жакенұлы Рахимовтың ұзақ жылғы еңбек жолы да осындай адами құндылықтарымен қымбат.
Еңбекпен шыңдалып, жауапкершілікпен қалыптасқан бұл жол – кейинги буынға үлгі, ал адамға деген құрметі мен үлкен жүреги – ониң ең басты азаматтық қасиеті.