Профилактикалық бақылау іс-шараларының тәртібі

Профилактикалық бақылау іс-шараларының тәртібі

2026 жылдың екінші жартыжылдығына субъектіге (объектіге) барумен профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бақылау бөлімі 17.09.2026 жылы Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің Константиновский психоневрологиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тұрғысынан баруды жүзеге асырды субъектілердің (ұйымдардың)қызметіне қатысты, стационар жағдайында, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы қолжетімділікті қамтамасыз ету тұрғысында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсынатындар.

Профилактикалық бақылауды тексеру нәтижесінде қол жетімділік бөлігінде бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, субъект басшысының атына нұсқамалар енгізілді.