БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына 12,6 триллион теңге жиналды

БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына 12,6 триллион теңге жиналды

БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 қарашасындағы негізгі көрсеткіштері 

 

2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.11.2019 жылдан бастап 01.11.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы екі  триллион теңгеден аса немесе 20% өсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,3 трлн теңге (жыл басынан бергі өсім – 17%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 305,7 млрд теңге (өсім 24%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,16 млрд теңгеге  (өсім 11%) жетті.

2020 жылдың басынан бастап 1 қарашаға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,1 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артық. 

 БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың 1 қарашасында 1 миллион бірлікке артты. 01.11.2019ж. ЖЗШ саны 10,6 (10 606 474) млн бірлікті құраса, 01.11.2020ж. бұл көрсеткіш 11,7 миллионнан асып түсті (11 732 725). Осылайша  бір жыл ішіндегі өсім 11% болды.

Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 985 056 (жыл басынан бергі өсім – 11%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар – 523 872 (өсім – 3%). Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ)  саны да біртіндеп көбейіп келеді, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазір 56 953 бірлік (өсім – 5%).      

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 867,05 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың 10 айындағы көрсеткіштен 67,1 млрд теңгеге немесе 8% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 827,7 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер құрайды. 38,9 млрд теңгенің аударымы МКЗЖ бойынша жасалған, ал  409 миллион теңге  ЕЗЖ бойынша аударылған.    

Төлемдер 155,3 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 33% жасы бойынша төлемдер (51,7 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (39,5 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (31,1 млрд теңге), мұрагерлерге (28,2 млрд теңге), жерлеуге (3,5 млрд теңге) берілген, мүгедектік бойынша төлемдер (1,3 млрд теңге).