
2025 жылғы 1 қаңтардан елде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі-АӘҚ) көрсететін ұйымдарды лицензиялау еңгізілді. Бұл шаралар АӘҚ көрсету сапасын арттыруына, қызмет алушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау кепілдігіне, АӘҚ көрсететін ұймдарға бірегей стандарттарды белгілеуге бағытталған.
АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен (бұдан әрі-Кодекс), "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен реттеледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер-бұл халықтың осал топтарына көрсетілетін әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-психологиялық қызметтер: мүгедек балаларды қоса алғанда, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарттарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, ТЖҚ-да болған адамдарға, стационардың, жартылай стационардың, уақытша болу орталықтарының жағдайларында, сондай-ақ үйде әлеуметтік көмек көрсету.
Лицензия алудың негізгі талаптарының бірі-санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін, мәлімделген қызметтерді ұсынуға жарамды ғимараттың болуы. Сондай-ақ, тиісті материалдық-техникалық базаның, білікті қызметкерлер құрамының және халықтың аз қозғалатын топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ететін жағдайлардың болуын қамтамасыз ету қажет.
Лицензия үш жылға тегін беріледі.
2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша Павлодар облысында лицензиялар алған арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 43 ұйым жұмыс істейді. Қызметтермен 6435 мың адам қамтылды
Лицензияланғандардың ішінде мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар-24
оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша-19
- жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін - 10 ұйым (849 адам);
- стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін - 6 ұйым (1576 адам);
- уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін - 3 ұйым (253);
- үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін - 24 ұйым (3757 адам);