2021 жылы "Ten Qogam" мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының ашылуы

2021 жылы "Ten Qogam" мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының ашылуы

2021 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасының "Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тұрақты дамуы: әлеуметтік интеграция және инклюзия бойынша бағдарламаларды ілгерілету" бірлескен жобасы аясында Павлодар қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Ten Qogam" әлеуметтік қолдау орталығын ашу жоспарлануда.

Орталықтың міндеті мынадай кешенді қызметтер көрсету болады:

- оңалтудың жеке бағыттарын жүргізу;

- өзіне-өзі қызмет көрсету, қозғалу, ОТҚ пайдалану дағдыларына үйрету,

- жұмысқа орналасу кезінде сүйемелдеу, оқыту және қайта оқыту;

- психологиялық және заңгерлік көмек;

- әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер.

Бұдан басқа, адамның еңбек әлеуетін, базалық құзыреттері мен дағдыларын функционалдық бағалау жүргізіледі. Бағалау негізінде мамандар тобы өтініш берушінің өзімен бірге жұмысқа орналасудың өзіндік бағыты болып табылатын кәсіби оңалтудың жеке жоспарын жасайды.