
Павлодар облысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті қызметінің бағыттарының бірі мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуына құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:
- бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеруге бағытталған шаралар кешені.
Меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.