Қазақстанда арнайы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталды

Қазақстанда арнайы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталды

Бүгінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады

       2025 жылғы 1 қаңтарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялауды енгізу осы бағыттағы маңызды қадам болды

     Лицензиялаудың негізгі мақсаты - бірыңғай сапа стандарттарын қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту.

     Бүгінгі таңда Павлодар облысында лицензиялар алған ЖМБ көрсететін 43 ұйым жұмыс істейді. Қызметтермен 6435 мың адам қамтылды

       Лицензияланған мемлекеттік мекемелердің ішінде - 24 үкіметтік емес ұйымдар - 19

   оның ішінде ТБЖ көрсету бойынша:

- жартылай стационар жағдайында ТЖБ көрсететін - 10 ұйым

(849 адам);

- стационар жағдайында ТЖБ көрсететін - 6 ұйым (1576 адам);

- уақытша болу жағдайында ТЖБ көрсететін - 3 ұйым (253);

- үйде ТЖБ көрсететін - 24 ұйым (3757 адам)

Үйде қызмет көрсету сұранысқа ие болып отыр.

Қазіргі уақытта көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтары бекітілді.

Бұл түзетулер арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды бақылауды және тексеруді жүзеге асыруға бағытталған, олар:

- тиісті лицензия алмай көрсетілген қызметтерді көрсету бойынша бұзушылықтар;

- халықты әлеуметтік қорғау саласында көрсетілген қызметтерді ұсынудың біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкестігін қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар.

және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толыққанды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ лицензиялау туралы заңнаманы бұзған жағдайларда әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Нормативтік базаны жетілдіру, мемлекеттік бақылау тетіктерін күшейту жөніндегі жұмыс жалғасуда.