Департаменттің қолданыстағы функциялары 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап Құрылыс кодексін енгізуге байланысты кедергісіз ортаны құруды бақылаудың жаңа тетігімен кеңейтіледі

Департаменттің қолданыстағы функциялары 2026 жылдың          01 шілдесінен бастап Құрылыс кодексін енгізуге байланысты кедергісіз ортаны құруды бақылаудың жаңа тетігімен кеңейтіледі

ҚР Құрылыс кодексінің 17-бабына сәйкес, елді мекендер халықтың аз қозғалатын топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін қолайлы жағдайлармен және қол жеткізу құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Құрылыс кодексі объектілерді енгізу кезінде        Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылау функцияларын енгізеді.

     Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің талаптарымен 01.07.2026 жылдан бастап Департаментке мемлекеттік бақылау шеңберінде объектінің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қозғалатын топтары үшін объектілердің қолжетімділігін растау жөніндегі талаптарға сәйкестігі туралы декларацияны келісу бекітіледі.

       ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылауды енгізу тапсырыс берушілер мен құрылыс салушылардың аталған нормаларды сақтаудағы жауапкершілігін күшейтеді деп есептейміз.

     Бағалау 12 негізгі аймақты қамтитын болады: тұрақ орындарынан визуалды және дыбыстық навигацияға дейін.