"Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері туралы

"Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері туралы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік сақтау саласындағы бақылау бөлімімен 2026 жылғы 23 сәуірден 24 сәуір аралығында "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ профилактикалық бақылау жүргізілді.

Тексеру барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасыз көрсетілуі, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан уақытылы өтемеу.  Анықталған бұзушылықтар бойынша субъект басшысының мекен-жайына профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті берілді және анықталған бұзушылықтарды жою нақты мерзімдері көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.