Департаменттің № 1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің азаматтарды қабылдауы

Департаменттің № 1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің азаматтарды қабылдауы

Таңертеңгі сағат 8-ден бастап Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің әлеуметтік фронт-офисінің фойесі зейнеткерлікке шығу, мемлекеттік жәрдемақылар алу, зияндылығы, асыраушысынан айырылуы бойынша арнайы әлеуметтік төлемдер және басқа да мәселелер бойынша кеңес алғысы келетін азаматтармен толтырылады. Қабылдауға келген азаматтардың, облыстың барлық өңірлерінің өкілдерінің пікірлері бойынша Департаментке консультациялар алу үшін олар таныстары мен туыстарының, сондай-ақ қалалық, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кеңесі бойынша келеді. Олар үшін проблемалық мәселелер бойынша алынған ақпараттың сапасы, өзектілігі, толықтығы мен дұрыстығы, кейіннен зейнетке шығу үшін құжаттаманы алдын ала дайындау мүмкіндігі тартымды болып табылады.

Бөлім мамандары әлеуметтік заңнама құқығының нормаларына түсініктеме, оларды іске асыру бойынша ұсыныстар, даулы мәселелер мен ұсынылған құжаттар бойынша түсіндірмелер береді. Қабылдау барысында 40-тан астам азамат қабылданды. 16 өтініш жазбаша түрде келіп түсті.

Мемлекеттік органның ашықтығы және бар проблемалық мәселелерді шешуде өңірдің барлық тұрғындары үшін қолжетімділік қазіргі жағдайда Департамент жұмысының негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.