2026 жылғы 13 ақпанда бекітілген кестеге сәйкес № 1 медициналық сараптама бөлімі куәландыру мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Май ауданына барды.
Сондай-ақ, №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А.Ж. Мамырханова Май аудандық ауруханасының дәрігерлерімен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тақырыбында семинар кеңес өткізді. "ИПАР-ға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы".