Әлеуметтік қызметтер порталы – ЖОАБ негізінде мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді алу үшін арналған

Әлеуметтік қызметтер порталы – ЖОАБ негізінде мүгедектігі бар адамдарға  тауарлар мен қызметтерді алу үшін  арналған

Әлеуметтік қызметтер порталында өтінім қалай беріледі:

  1. Логин, пароль және ЭЦҚ арқылы әлеуметтік қызметтер порталына кіру (aleumet.egov.kz)
  2. Қажетті қызметті таңдау
  3. Өтінішті толтыру және қажетті құжаттарды қоса тіркеу (қажет болса)
  4. Жіберуді растау
  5. Жеке кабинетте мәртебені бақылау

Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары және көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді.

      Өнім берушілер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сапасы тиісті емес және (немесе) ұсынылған сипаттамаларға сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізу фактісі анықталған, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарын орындамаған жағдайда олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі.

 

 

Соңғы кездері алаяқтық әрекеттер санының артуы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерді алу үшін өтінімдерді беру кезінде алдау әрекеттерінің жиеленуіне әкеліп отыр.

 

Құрметті қызмет алушылар!

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерді алу кезінде

сақ болыңыз. Алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін өз жеке деректеріңізді, парольдеріңізді және ЭЦҚ деректерің ешкімге бермеңіз.

 

 

Алаяқтық әрекеттер анықталған жағдайда Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, немесе Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне дереу хабарлауды сұраймыз.