Азаматтық сот өндірісінің өзекті мәселелері

Азаматтық сот өндірісінің өзекті мәселелері

2020 жылғы 15 қазанда Павлодар қалалық сотында Павлодар қалалық соты судьяларының, қалалық әкімдік өкілдерінің, «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік Корпорация өкілдерінің, кәсіби медиаторлар мен адвокаттардың қатысуымен заңды мәні бар фактілерді анықтау туралы өтініштерді қарау кезінде туындайтын азаматтық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелері тақырыбында онлайн режимінде «дөңгелек үстел» өтті.

Өткізілген кездесудің қорытындысы бойынша азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында қатысушылар қозғалған мәселелерді шешу бойынша тығыз ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.