
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік сақтау саласындағы бақылау бөлімімен 2025 жылғы 30 қазаннаң 31 қазан аралығында "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ профилактикалық бақылау жүргізілді.
Тексеру барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасыз көрсетілуі, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін мүгедектердің кіру топтарына, санитариялық-тұрмыстық үй-жайларына және қозғалыс жолында қолжетімділік қамтамасыз етілмеу. Анықталған бұзушылықтар бойынша субъект басшысының мекен-жайына профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті берілді және анықталған бұзушылықтарды жою нақты мерзімдері көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.