Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылау

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылау

2020 жылғы 25 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшылығымен ZOOM арқылы онлайн режимінде мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізілді, оған Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің және "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының  басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі ұсыныстарын қарады. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және азаматтардың мемлекеттік органдарға сенім деңгейін арттыру бойынша алдын алу шаралары қабылданды.