2025 жылғы 10 шілдеде бекітілген кестеге сәйкес №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі куәландыру мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Шарбақты ауданына барды.
Сондай-ақ, №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А.Ж. Мамырханова Шарбақты ауруханасының дәрігерлерімен 5 дәрігер санында құжаттармен жұмыс, МӘС-ке жіберу кезіндегі қателіктер, мүгедектікті мерзімсіз тағайындау тақырыбында семинар кеңес өткізді.