Сырттай куәләндіру. Мәселелер және олардың шешу жолдары.

Сырттай куәләндіру. Мәселелер және олардың шешу жолдары.
19 шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сырттай куәләндіру, Мәселелер және олардың шешу жолдары».
 
Бұл жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары, бас дәрігерлер мен мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың ВКК төрағалары, сондай-ақ Zoom жүйесі арқылы облыстың шалғай аудандарындағы медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.
 
Бұл кездесуде жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар тыңдалып, жауаптар берілді.
 
Жиын нәтижесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына медициналық құжаттарды сапалы толтыруға баса назар аудара отырып, қашықтықтан қайта тексеру жұмыстарын күшейту ұсынылды.