Қабылдау күні

Қабылдау күні

       2022 жылдың  20 сәуірінде Ассамблея достық үйінде Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаевпен  облыстық басқарма және аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен  азаматтарды қабылдау күні өткізілді. Аталған кездесуде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшылығы қатысты.

       Қабылдау уақытында Департамент құзыретіне қатысты сұрақтармен 9 азамат кеңес алды. Мысалға жеке оңалту бағдарламасының  протезбен қамтамасыз ету бөлігі бойынша Мейлов Жаксылык Бесирович, зейнетақыны тағайындау сұрақтары бойынша зейнеткер Н.Д.Конақбаев жүгініп, толық ақпарат алды.