Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі Е Біржанов және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Е. Нұрғалиев Маңғыстау облысында іс-сапарда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі Е Біржанов және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Е. Нұрғалиев Маңғыстау облысында іс-сапарда

2022 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі Е Біржанов және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Е. Нұрғалиев Маңғыстау облысында іс-сапарда болды. Іс-сапар барасында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ның (қарттар үйі) жұмысмен танысты.

Е. Біржанов қарттар үйінің ғимаратаның барлық бөліктеріне кіріп шығып,​ көрсетіліп жатқан қызмет сапасын тексеріп өтті. Тексеру барасында медициналық кабинеттер, шаруашылық бөлмелері, қызмет алушыларға арналған тігін, шаштараз, кітапхана кабинеттерінің жұмыс жасау тәртібімен танысып шықты. Қызмет алушылардың бөлмелеріне кіріп, қызмет алушылардың қызмет сапасы туарлы ой-пікір алмасып, қызмет алушылармен сұхбат жүргізді.

Сонымен бірге, қызмет алушыларға беріліп жатқан тамақтың сапасын көру мақсатында мекеменің асханасына тексеру жүргізді. Асхананың санитарлық нормаға сай екендігін және қызмет алушылардың тамақ ішу ерекшеліктеріне қарай қосымша диеталдық үстелдердің бар екендігін көріп, оң пікірін білдірді.

Айта кетейік, Орталықтың жалпы сыйымдылығы 158 төсек орындық. Орталықта қарттар мен мүгедектгі бар адамдарға тұрақты және күнгізді болу бөлімшелері арқылы қызмет көрсетіледі. Тұрақты бөлімшенің жалпы сыйымдылығы, 113 төсек орындық болса қазіргі кезде 94 қызмет алушы бар.