Ашық есік күні

Ашық есік күні

Ашық есік күні
Ағымдағы жылдың 31 наурызында «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» Ақтау қаласы 3б ш/а орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күнін» өткізді. Аталмыш шара барысында, №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы М.Б. Жылқышиев тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалдарының өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында таңертең 10:00-де басталған қабылдау түскі сағат 12:00-ге дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында 11-ге жуық қала тұрғындары күн тәртібіндегі мәселелері бойынша сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды.