19 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Н.Ә.Ноғаев Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, оған облыстық және аумақтық басқармалар мен департаменттер, соның ішінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті басшылары қатысты. Бұл басқосуда өңірдің индустриялық-экономикалық даму мәселелері көтеріліп, әлеуметтік салаға қатысты мәселелер көтеріліп, оларға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.