Тең мүмкіндіктер жасау

Тең мүмкіндіктер жасау

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті  «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалымен бірлесіп  қоғамдық кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

Жиналыс күн тәртібіндегі мәселелер:
1. «Тең мүмкіндіктер жасау» бағытының 126-тармағы: «Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың (көру, есту қабілеті, АСД, мүгедектер арбасында отырғандар) кедергісіз қолжетімділігін құру мақсатында әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымды бейімдеуді барынша қамту»;
2. «Тең мүмкіндіктер жасау» бағытының 128-тармағы: Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде 300-ден астам пандустар орнату.
3. Маңғыстау облысының кәсіпорындарында әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы есепті тыңдау.