Ашық есік күні

Ашық есік күні

Үстіміздегі жылдың 29 маусымында «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» Ақтау қаласы 3б ш/а орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күнін» өткізді.

Күннің басты тақырыптары :

  1. Зейнетақы қорының жүйесі және Зейнетақы қорындағы заңнамасындағы өзгерістер бойынша.
  2. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түрлері:

1) Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы;

2) Асыраушысынан айырылу жағдайы;

3) Жұмысынан айырылу жағдайы;

4) Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;

5) Жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;

6) Бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.

  1. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау тәртібі.
  2. Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.

Аталмыш шара барысында, Департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.У. Калмагамбетова және №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы М.Б. Жылқышиев тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалдарының өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында таңертең 10:00-де басталған қабылдау түскі сағат 13:00-ге дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында 25-ке жуық қала тұрғындары күн тәртібіндегі мәселелері бойынша сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды, негізінен зейнетақы төлемдерін тағайындау, тағайындау үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы, еңбек өтілін растайтын мұрағаттық анықтамаларды алу, жүктілікке байланысты әлеуметтік төлемдер,  зейнетақы жинақтарын шешу және бір бөлігін пайдалануға қатысты мәселелер қозғалды.