Алғыс хат!

Алғыс хат!
     23 маусымда Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай Маңғыстау облысының әкімдігінде салтанатты жиналысы және облыстың үздік қызметкерлерін марапаттау өтті.
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қызмет Агенттігінің Төрағасы Жайылғанова А. қол қойған Мемлекеттік қызметтің беделін, қадір-қасиетін және мінсіз еңбегін нығайтудағы жетістіктері үшін алғыс хатпен Чолтанова Бибігүл Қосшықызы марапатталды.
     Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Департаментінің ұжымы атынан жұмысын адал әрі жоғары деңгейде орындағаны үшін Бибігүл Қосшықызын құттықтаймыз және одан әрі мемлекеттік қызмет саласында жетістіктер тілейміз!