«Сапалы кедергісіз ортаны қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Сапалы кедергісіз ортаны қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2021жылдың 19 ақпанында  «Луара» Қоғамдық қоры Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, ҮЕҰмен, мүдделі жергілікті атқарушы органдардың   және БАҚ өкілдерінің қатысуымен мүгедектерге арналған «Сапалы кедергісіз ортаны қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

       Аталған шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және мүгедек адамдарға арналған Интерактивті онлайн картаға енгізілген әлеуметтік  маңызы бар объектілердің қолжетімділік мәселесіне қоғамның  назарын аудару  болып табылады.