"Пара беру мен парақорлыққа делдал болуға қатысты жауапкершілік"

"Пара беру мен парақорлыққа делдал болуға қатысты жауапкершілік"

"Пара беру мен парақорлыққа делдал болуға қатысты жауапкершілік" туралы түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Осы орайда, 2020 жылы 19 желтоқсанында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев қол қойған "Кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы бойынша қызметкерлермен семинар өтті.

Семинарда енді Заң бойынша пара берушілер де, пара алушылар да, парақорлыққа делдал болатындар да қатаң жазаланатыны ескертілді.

Қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылғаны айтыла келе, Заң бойынша автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделгені және қарапайым пара берушілер үшін (50 АЕК дейін) айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылғаны айтылды.